3-желтоқсан 2024 жылы МКҚК №14 колледжде жыл сайын жоспарға сәйкес, WorldSkills колледжішілік байқауының ашылу салтанаты өтті. Шараға колледж студенттері, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері және оқу орнының әлеуметтік серіктестері қатысып, сайыскерлерімізге алдағы сындардан сүрінбей өтіп, өз білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде дәлелдеуде сәттілік тіледі. 07161300 — «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша студенттер өзара шеберліктерін сынап, біліктіліктерін шыңдады.
Мақсаты:
— Құзыреттіліктер бойынша қатысып жатқан білім алушыларды өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру.
— Алдағы жұмыс барысында өз мамандарының нағыз шебері болып қалыптасуға дағдылау.
03.12.2024
2024-2025 оқу жылының жоспарына сәйкес, алдағы «WorldSkills – 2025» байқауына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында «Аспаз ісі» және «Наубайхана ісі» құзыреттіліктерінің жетекшілері мен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының оқытушылары «WorldSkills» ережелерін, стандарттарын талқылады. «WorldSkills» жарысы жалпы алғанда шығармашылық, логика мен білімді дамытуға арналған кәсіптік бағыт беруші колледждер арасында өткізілетін өте ауқымды байқау.
Жиналыстың мақсаты:
— WorldSkills жарысының артықшылықтары мен мүмкіндіктерін зерделеу.
— WorldSkills байқауындағы стандарттар мен талаптарға сәйкес оқу бағдарламаларын жаңарту.
— Қатысушыларды жаңа технологиялармен, заманауи құрал-жабдықтармен таныстыру және оларды қолдану дағдыларын үйрету.
02.12.2024
2024-2025 оқу жылының жоспарына сәйкес, алдағы «WorldSkills -2025» байқауына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мобильді қосымшалар» және «Прототиптеу» құзыреттіліктерінің жетекшілері 06120100-«Есептеу техникасы мен ақпараттық желілер» мамандығының 2-3 курс білім алушыларына «WorldSkills» ережелерін, стандарттарын таныстырды.
Мақсаты:
— Құзыреттіліктер бойынша атқарылатын іс-әрекеттерін толық түсіндіру.
— Жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік ережелерін меңгеру.
— Алдағы сайыста білім алушылардың тәжірибелерін жетілдіру.