Жаңалықтар

7 мамыр күні елімізде Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Осыған орай біздің колледжде де мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – еліміздің қорғаны болып жүрген әскерилерге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру және жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында колледж студенттері әскери тақырыптағы әндер шырқап, өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, шағын сахналық көріністер қойылып, батыр бабаларымыздың ерлігі жайлы баяндалды. Кейбір студенттер әскери форма киіп, патриоттық мәндегі көркемөнерпаздар қойылымдарына қатысты.
Іс-шара соңында ұстаздар мен қонақтар сөз сөйлеп, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барлық азаматтарға алғыс білдірілді. Бұл күн – әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялататын, рухты көтеретін маңызды мереке екені айтылды.
07.05.2025
«Ақындар жырлаған туған өлке» атты әдеби қонақжай
«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханасында «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбында әдеби қонақжай іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Мақтаарал ауданының ақын-жазушыларымен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, олардың шығармаларынан өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шара аясында Атакент кентінің танымал ақын-жазушыларының еңбектері кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, Айып-нұр ағамыздың «Жан жылуы» кітабы, Мекенбай Атабайұлының «Балмұхан» өлеңдер жинағы және Мұхтар Құраловтың «Айдай әсем Мақтааралым» атты жыр жинағы оқырмандар назарына ұсынылды.
Іс-шараның соңында СА-24-1А тобының студенті Абай Бегарыс «Бұлқынды жүрек» әнін домбырамен орындап, күй шертті.
Іс-шараның мақсаты — туған өлкеміздің әдебиет саласындағы танымал тұлғаларын көпшілікке таныстыру, студенттердің көркем шығармаларды мәнерлеп оқу шеберлігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
13.05.2025
Жұмысшы мамандықтары жылы – Президенттің жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жөніндегі бастамасы
📌 Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Бастамаларды іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарында алғаш рет кәсіп таңдауда және мектеп, колледж және жұмыс беруші арасындағы өзара іс-қимылды жолға қоюда оқушыларды жүйелі сүйемелдеу үшін педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде енгізілді.
✅ Жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бастама мектеп білімінің практикалық бағытын күшейтуге және жастардың ерте жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қолдауға бағытталған. 11-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек аттестат қана емес, сонымен қатар орта техникалық білім туралы диплом алады. Бүгінгі таңда 905 түлек кәсіби біліктілік пен еңбек нарығына бірден шығу мүмкіндігін алып, колледж дипломымен оқуын аяқтады.
⏩ 2025 жылдың ақпан айында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің алаңында Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті. 5 күнге созылған фестивальде 300-ден астам іс-шара өткізілді, колледждер мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы 250 меморандумға қол қойылды, 30 мыңнан астам оқушыға кәсіби диагностика жүргізілді.
➤ Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дарынды және болашағы зор студенттерді анықтау және қолдау, жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру мақсатында республикалық «Үздік – 100 студент» байқауы басталды.
➤ «JasSkills» және «JuniorSkills» байқауларына дайындық басталды, сондай-ақ «Мансап компасы» платформасында 100 мың оқушыны қамтитын кәсіби бағдарлау науқаны жүргізілуде.
🔆 Бүгінгі таңда елімізде 772 колледж кадрларын даярлау жүзеге асырылуда. Контингент барлығы 556 мың студентті құрайды, оның 85%-ы грант бойынша оқиды, ал мемлекеттік білім беру тапсырысының 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.
✔️ Мемлекеттік тапсырыс геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, байланыс, IT, құрылыс, педагогика және медицина, тау-кен және су салалары сияқты бағыттар бойынша ұлғайтылады.
⏩ Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 жылы – 50%, 2024 жылы – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілген. 2019 жылдан 2023 жылға дейін 14,8 мың орындық 76 жатақхана, биыл тағы 2,5 мың орындық 11 жатақхана пайдалануға берілді. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар әлеуметтік қолдаумен – тамақпен және жол жүрумен қамтамасыз етілген. Бұл сөзсіз, белсенді халық арасында техникалық мамандықтарға қатысуға әсер етті.
➤ Колледждер 227 мамандық және 753 біліктілік бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
➤ Кадрларды даярлау ел экономикасының 15 бағыты бойынша жүргізіледі, онда түлектердің жұмысқа орналасу пайызы орта есеппен 79%-ды құрайды, оның ішінде білім беру (80,3%), мұнай-газ саласы (64,9%), электр энергетикасы (79,6%), металлургия (77%), көлік (75,4%), құрылыс (82,7%), ауыл шаруашылығы (75%) және басқалары бар.
🔄 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есеге ұлғаяды. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгеге тең, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайды. Қаржыландырудың жаңа нормативі негізгі және ынталандырушы бөліктерден тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
03.05.2025
Победители конкурса профессионального мастерства «WorldSkills Турция-2025»
Шестеро студентов колледжа No14 награждены СПЕЦИАЛЬНЫМИ ПРОФЕССИОНАЛАМИ в конкурсе профессионального мастерства WorldSkills Turkey-2025 Поздравляем наших победителей и их лидеров!
И победителями стали:
Компетентность CAD-Инженерной графики — Якия Ерхан Жандосулы, руководитель — Аргынбаев Абубакир Закирбекович
О умении развивать мобильные приложения — Ким Илья Сергеевич, руководитель — Маханбетов Джолдас Сапаральевич
По компетенции графического дизайна — Олжабай Айжан Биманкызы, руководитель — Турганбекова Aqnur Turganbekkyzy
Компетенция сварочных технологий — Фёдоров Михаил Федорович, руководитель — Жуматов Куттыбек Келесбекулы
Под руководством ремонта автомобильного электрооборудования — Жумабаев Бейбарыс, лидер — Кожабаев Бауржан
Об авторитете организации общепита — Кыдырбек Жанболат Досболулы, руководитель — Маутанова Улту Абдуалиевна
Коллектив колледжа No14 поздравляет всех с победой!
30.04.2025
14-колледжде “Жасанды интеллект” және киберқауіпсіздік тақырыбында ашық сабақ өтті
Бүгін 14-колледжде жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздікке арналған ашық сабақтар өтті. 
Мырзахмет Даниярдың жетекшілігімен ұйымдастырылған “Жасанды интеллект” сабағында студенттер AI-дың мүмкіндіктерімен танысып, оның білім мен бизнес салаларындағы рөлі туралы қызу талқылау жүргізді. Сабақ барысында жасанды интеллекттің даму перспективалары мен оның қоғамға ықпалы кеңінен қарастырылды.
Сабақтың келесі бөлімінде Бақытденов Қайрат “Антивирус орнату” тақырыбында дәріс оқып, студенттерге ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығын түсіндірді.  Кибершабуылдардан қорғану жолдары мен компьютерлік вирустарға қарсы тиімді әдістер талқыланды.
 Бұл сабақтар студенттердің технологиялық сауаттылығын арттырып, заманауи IT-білімдерін тереңдетуге үлкен мүмкіндік берді.
14.02.2025
«Бір минут» – білім мен жылдамдық сайысы! 
 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер бірлестігінің ұйымдастыруымен апталық жоспары аясында «Бір минут» атты интеллектуалды сайыс өтті!
 Бұл сайыс – білім мен жылдам ойлаудың сынға түсер сәті! Қатысушылар уақыт шектеуінде тез әрі нақты жауап беріп, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады.
 Мақсаты:
 Зияткерлік дағдыларды дамыту
 Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту
 Жылдам шешім қабылдау қабілетін жетілдіру
 Білім – асыл қазына, ал оны жылдам әрі тиімді қолдана білу – үлкен өнер! Осындай сайыстар жастардың ойлау қабілетін дамытып, өз күшіне деген сенімін арттырады. 
13.02.2025
Бүгін «Цифрлы әлемге кемел біліммен» апталығы аясында «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білім алушыларды сабаққа ынталандыру және мадақтау» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Жиынның басты мақсаты – білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру мен мадақтаудың тәрбиелік маңызын талқылау, сондай-ақ, оқытушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Кез-келген шәкірттің биікке ұмтылуы, өзіне сенімді болып, алға қадам басуы ұстаздың қолдауына тікелей байланысты. Осы орайда, дөңгелек үстелге қатысушылар білім алушылардың ынтасын оятатын әдіс-тәсілдермен бөлісіп, білім берудегі мотивацияның рөлін жан-жақты қарастырды.
12.02.2025
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес, СА-24-2А топ білім алушыларының қатысуымен, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, «MS Excel электрондық кестесінде формуламен және графиктермен жұмыс жасау» тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Мақсаты:
• Білім алушыларға MS Excel бағдарламасында формулаларды қолдануды үйрету.
• Excel бағдарламасында графиктерді құруды және оларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
• Формулалар мен графиктерді дұрыс қолдану арқылы мәліметтерді талдау қабілеттерін дамыту.
11.02.2025
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» бірлестігінің ұйымдастыруымен 10-21 ақпан аралығында өтетін «Цифрлы әлемге кемел біліммен» атты апталығының ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Ақпараттық технологиялар мен цифрлық дағдыларды дамыту арқылы білім алушыларды заманауи цифрлық әлемге бейімдеу, оларды цифрлық сауаттылыққа үйрету және жаңа технологиялар мен құралдарды тиімді пайдалану қабілеттерін арттыру.
Іс-шара барысында арнайы пән оқытушылары мамандық бойынша компьютердің ішкі құрылғыларының 3 тілді сайысын өткізді. «Цифрлы әлемге кемел біліммен» тақырыбында баяндамасы тыңдалып, «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойыны өткізілді.Іс-шараға белсене қатысқан білім алушыларға арнайы әзірленген сыйлықтар таратылып, алғыс білдірілді.
10.02.2025
Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында 2024-2025 жылдарға арналған Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасындағы №108 тармақ, яғни мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзіреттілігін арттыру мақсатында «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқыту сапасын жетілдіру» өңірлік жобасын іске асыру, сонымен қатар әдістемелік кеңестің №1 хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың қаңтар айы «Ұлттық фильм» айлығын барлық білім беру ұйымдарында дәстүрлі түрде ұйымдастыру тапсырылды.
Хат негізінде № 14 колледж білім алушылары, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінің шығу тарихымен танысып, 1963 жылы түсірілген кинокомедияны тамашалады.
18.01.2025
«№14 КОЛЛЕДЖ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ»
Президент елімізде 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Жастарға теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыра отырып, кәсіби даярлық пен жұмысшы мамандарды дайындауда, колледждердің алар орны ерекше.
Осы орайда №14 колледж МКҚК оқытушылары мен еріктілері, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Атакент кентінде,
халықтың көп шоғырланатын орындарында, жұмысшы мамандығын дәріптеу мақсатында, «Оқуға шақыру» үнқағаздарын таратып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
17.01.2025

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Буккроссинг бұрышы» тақырыбында іс-шара болып өтті. Буккроссингтің басты мақсаты үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында кітап алмастыру акциясын жүргізу, әртүрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. Кітапханамызда «Буккроссинг бұрышы» тақырыбында Буккроссинг акциясы болып өтті. Кітапхана фойемізде Буккроссинг кітап сөресі орналасқан. Буккроссинг оқырмандарды оқуға және кітапқа деген көзқарасын өзгертеді.

17.01.2025

Колледж мекемесіндегі педагогикалық ұжымды біріктіру және эмоционалды күйзелістің алдын алу мақсатында, колледж педагог-психологының ұйымдастыруымен қысқы демалыс кезіндегі педагогикалық оқу жоспарына сәйкес, колледж педагогтерінің қатысуымен «Эмоциялық шаршау-ретке келтіру» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өтті.Тренинг барысында оқытушылар эмоционалды күйзелістерден арылу және оның алдын алу жолдарын меңгеріп, өздерінің жеке және кәсіби қызметін талдауға ынталарын арттырып, отбасындағы және жұмыстағы шынайы және қалаулы қарым-қатынастарды объективті бағалау дағдыларын қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасты.

16.01.2025
Салауатты өмір салтын дәріптеу, болашақ өскелең ұрпаққа үлгі болу, денсаулықты нығайту мақсатында, жоспарға сәйкес қысқы демалыс күндері «Дене шынықтыру және АӘД пәндері» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбында колледж қызметкерлері және оқытушыларының қатысуымен спорттық жарыс өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша «Электр жабдықтары, автомобиль жол құрылысы және есеп» бөлімі жеңімпаз атанса,
«Тамақтандыруды ұйымдастыру және дәнекерлеу ісі» бөлімі ІІ орынды иемденіп, жүлделі үшінші орын «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету» бөліміне бұйырды.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.
10.01.2025
Оқу-әдістемелік оқулықтар әзірлеу технологиясы: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.
Білім беру үдерісін жетілдіру және әдістемелік жұмыстарды дамыту мақсатында бүгін «Оқу үрдісінде оқу-әдістемелік оқулықтар әзірлеу технологиясының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды білікті маман, тәжірибелі ұстаз Алипбаев Тұрар Назарович жүргізді.
Іс-шара барысында оқу-әдістемелік оқулықтарды әзірлеудің заманауи технологиялары, олардың оқу үдерісіндегі тиімділігі мен қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістер ұсынылып, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Осындай кәсіби бағыттағы кездесулер ұстаздардың педагогикалық шеберлігін арттырып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
10.01.2025
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы «Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі» комиссия құрылғанын және Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялауға арналған жол картасы қабылданғанын баяндады.
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы «Жұмысшы мамандықтары жылын» жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Үкімет қаулысында бекітті. Ғани Бектайұлы, «Жұмысшы мамандықтары жылын»өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 тармақтан тұратынын мәлімдеді.
Іс шаралар жоспарында:
1) Жаңа мамандықтар Атласын дайындау;
2) Кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын іске асыру;
3) Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау;
4) Кәсіби білікті кадрлар даярлау;
5) Сапалы жұмыс орындарын құру;
6) Жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау;
7) Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету бойынша шаралар қарастырылған.
09.01.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.
Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті.
— Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу, кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, кәсіби білікті кадрлар даярлау, сапалы жұмыс орындарын құру, жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау, және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды
-ҚР Үкіметінің отырысында Ғани Бейсембаев жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.
-Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, келесі оқу жылынан бастап нақты көрсеткіштерге жеткен колледждер үшін ол 2 еседен артыққа өсіп, орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.
-«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және педагогтердің біліктілігін арттыру біз үшін басты басымдық», – деді оқу-ағарту министрі.
— Дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы негізінде мамандар даярлау үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды белсенді түрде тарту жоспарлануда.
-Қазақстанның 10 колледжі халықаралық тәжірибе үшін есігін айқара ашады – Ғани Бейсембаев кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау туралы,
ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу арқылы еліміздің 10 колледжін интернационализациялау туралы айтты.
-Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық шеңберінде өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік береді.
-Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады.
-«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналады», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
09.01.2025
Қасым -Жомарт Тоқаев : «Мақсатым-экономиканы және егемендікті нығайту»
Енді ғана қадам басқан жаңа жылдың алғашқы сәтінде еліміздің белді басылымдарының бірі — «Ana tili» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Былтыр көптеген маңызды оқиға болды, қыруар жұмыс атқарылды», деп, 2024 жылы еліміз бойынша жүзеге асырылған ауқымды жобалар мен өткізілген маңызды халықаралық іс-шаралар туралы кеңінен баяндады. Президент мақаласында мемлекет экономикасы мен егемендікті нығайту — басты мақсаты екендігін және халықтың әл-ауқатын жақсарту жұмыстары тұрақты жалғаса беретінін жеткізді.
Мемлекет басшысы: « Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін.Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын.Тәуелсіздік ұрпақтары қазірдің өзінде ғылым, спорт, бизнес, креативті индустрия және мемлекеттік қызмет саласында зор жетістікке жетіп жүр. Көбі өндірісте және ауыл шаруашылығында табысты еңбек етеді » -деп жастарға сенім артатындығын жеткізді.
Биылғы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы »деп жариялағаны, еңбек адамына деген құрмет пен сенім, әсіресе, жастар арасында еңбекке бейім болу үшін қажетті мәдениет пен тәрбие қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз екенінің бірден -бір дәлелі.
Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты қоғамда оң бағаланып, еліміздің даму бағыттары нақтыланды.
Президенттің алға қойған мақсаттарына қолдау көрсете отырып, жаңа бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруда бар білім мен тәжірибемізді дамытуға, еліміздің алға қойған бастамаларын жүзеге асыруға дайынбыз.
04.01.2025
            Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай кітапханамызда «Кемел тұлға» атты тақырыпта іс-шарамыз болып өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы және қызметі туралы мағлұматтар айтылып, өмірінің кейбір сәттерін бейнелейтін бейнероликтер көрсетілді.
            Мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтарды кеңейте жеткізу.
«Шыңырау» повесін талдау арқылы табиғатты қорғауды, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
05.12.2024
           Дөңгелек үстел: «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік және оның алдын алу шаралары» Бүгін колледжде медбикелер Бекжаппарова Тұрсынай  және Раева Гүлнұрдың қатысуымен маңызды кездесу өтті. Іс-шара барысында маскүнемдіктің зияны, оның алдын алу жолдары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы айтылды.
          Студенттерге пайдалы кеңестер беріліп, сұрақтарға жауап берілді.
          Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
05.12.2024