• +7(702)-139-77-45
  • psh-14@mail.ru
  • Атакент кенті, Орлов көшесі №10

Іс-шаралар

Июль 7, 2022 16:48 дп

Құрметті жас талапкер! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазанындағы №578 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес №14 колледждің қабылдау комиссиясы 25 маусымнан бастап 2022-2023 оқу жылына құжаттар қабылдау жұмыстарын бастағанын хабарлаймыз.

Сіздерді тамақтандыруды ұйымдастыру (түрлері бойынша) мамандығы бойынша оқуға шақырамыз.

Асығыңыздар, топтар саны шектеулі.

Мекен-жайымыз: Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Орлов көшесі, 10 үй.

Толық ақпарат:

+7 778 776 1197

Июль 2, 2022 12:17 дп

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімі аппаратының 2022 жылғы 29 маусымындағы №142 хатына сәйкес колледж аумағында жоспарлы түрде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, «Birge – taza Qazaqstan» атты экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілік өтті. Ауданымыздың санитарлық жағдайын жақсартып, кенттің келбетіне өң беру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына оңтайландыру мақсатында өткізілген бұл шара барысында колледж аумағында мекеме қызметкерлері арықтарды тазартып, күл-қоқыстарды шығару, талдарды әктеп, арам шөптерді шабу жұмыстарын жүргізді. «Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» деген бар. Тазалық табалдырықтан басталады. Ауламыз бен айналамызды тазарту кент ажарына қосқан сіз бен біздің үлесіміз және мәдениеттілігіміздің өлшемі деп білеміз.

Июнь 28, 2022 16:53 дп

Құрметті талапкер!!!

«№14 колледж» МКҚК 2022-2023 оқу жылына 9-11 сынып негізінде оқуға шақырады!

Оқу мемлекеттік қазақ тілінде жүргізіледі. Барлық студенттер тегін жатақхана мен ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Оқуға түсетін студенттер үшін оқудың күндізгі нысаны бойынша өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 25-маусымынан бастап жүргізіледі.

Байланыс нөміріміз:

+7 702 507 9516

Июнь 28, 2022 14:36 дп

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Колледжіміз дуалды оқыту жүйесі бойынша мамандар даярлауға аса мән береді. Сөзіміздің дәлелі ретінде білім алушыларымыздың өндіріс орындарында өз қолымен жасаған бұйымдары халық арасында үлкен сұранысқа ие. Облыс әкімі Ө.Шөкеев Мақтаарал ауданына келген іс-сапар барысында колледжіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, білім алушыларымыздың жасаған қолөнер бұйымдары қойылған көрмеге қызығушылық танытып, оң баға берді. Тәжірибежасалған бұйымдарды «WorldSkills Turkistan-2022» чемпионаты аясында студенттердің шығармашылық-инновациялық жобалары көрмеге қойылып, көпшіліктің назарына ұсынды.

Июнь 28, 2022 00:031 дп

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ГРАНТТАРДЫҢ РЕКОРДТЫҚ МӨЛШЕРІ БӨЛІНДІ

Елімізде колледждерге құжат қабылдау басталды. Балалар жылында 128 мың грант бөлініп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 45 мыңға артық.

Білім беру гранттарының басым бөлігі техникалық мамандықтарға бөлінеді: IT, құрылыс, инженерия, металлургия.

Тағы бір жағымды жаңалық бар. Енді алдағы оқу жылында қазақстандық колледждер «Робототехника және кіріктірілетін жүйелер», «Аддитив өндірісі технологиялары», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Графика және мультимедия дизайны», «Ландшафт дизайны» және басқа да жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды бастайды.

Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау үрдісі автоматтандырылды. Құжаттар Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр. Сондай-ақ қабылдау колледждерде дәстүрлі қағаз форматында да жүзеге асырылады.

Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандықтарына түсетін талапкерлер арасында іріктеу білім басқармаларының ақпарат жүйесі арқылы жүргізіледі. Конкурс сертификаттың міндетті және бейіндік пәндерінің орташа балы бойынша өткізіледі.

Жұмысшы мамандығын алғысы келетін орта мектеп түлектері, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар колледжге әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Олар Egov.kz арқылы онлайн өтініш бере алады немесе құжаттарды тікелей колледжге тапсыра алады.

Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсетін түлектер арнайы не болмаса шығармашылық емтихандар тапсырады немесе әңгімелесуден өтеді. Оларды колледждердің қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 9-сынып талапкерлері арасындағы конкурс 19-22 тамыз аралығында өтеді. Ал 11-сынып және колледж түлектері арасындағы байқау 22-25 тамыз аралығында өтеді. Өнер және мәдениет мамандықтарына түсетіндер үшін байқау 29 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.

Былтырдан бастап квота санаттарының тізімі кеңейтілгенін де атап өтейік.

«Квота 9 санатқа беріледі. Көп балалы отбасы балалары үшін 5%, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасы балалары үшін — 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер үшін — 1% квота енгізілді. Ұпайлар тең болған жағдайда квота санаты мен сертификаттың орташа балы есепке алынады», — деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Июнь 28, 2022 00:01 дп

Құрметті жас талапкер! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазанындағы №578 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес №14 колледждің қабылдау комиссиясы 25 маусымнан бастап 2022-2023 оқу жылына құжаттар қабылдау жұмыстарын бастағанын хабарлаймыз.

Сіздерді келесі мамандықтар бойынша оқуға шақырамыз:

1. Тамақтандыруды ұйымдастыру (түрлері бойынша);

2. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;

3. Есептеу техникасы және ақпараттық желілер;

4. Есеп және аудит;

5. Электр жабдықтары;

6. Дәнекерлеу ісі.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Білім туралы құжаттың түп нұсқасы: Аттестат (куәлік);

2. Туу туралы куәлік (көшірме) немесе жеке куәлік (көшірме)

3. 3х4 сурет — 6 дана;

4. № 075-у медициналық анықтама, қосымша флюраграфиямен, (Мүгедектер үшін: I және II топтағы және бала жасынан мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптамасының қорытындысы);

Асығыңыздар, топтар саны шектеулі.

Мекен-жайымыз: Мақтарал ауданы, Атакент кенті, Орлов көшесі, 10 үй.

Толық ақпарат:

+7 778 776 1197

Июнь 27, 2022 23:59 дп

Қоғам талабына сай, адамзаттық рухани бай, қалыптасқан, білімді, жаңашыл, құзыретті мамандық иесі болғыңыз келсе, сізді, 80 жылдық тарихы бар №14 колледжге оқуға шақырамыз. Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан, ұлттық рухпен тамыры сусындаған, өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай, кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар дайындау біздің басты мақсатымыз. Құрметті талапкер! Сіздің өміріңіздегі маңызды шешім қабылдау – кәсіпті таңдау сәті келді. №14 колледждің білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие. Сізді, ой және білім, шығармашылық әлеміне шақырамыз! Кәсіптік білімнің, игілік пен ізгіліктің киелі ордасы №14 колледж – өңіріміздегі жұмысшы маман даярлайтын оқу орны ретінде қызмет ете отырып, бүгінгі таңда кәсіби білімнің қасиетті қара шаңырағына айналған. №14 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдайды! Студенттер жатақханамен және мемлекет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, барлық студенттерге ай сайын шәкіртақы (стипендия) және бір реттік жолақы беріледі. БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ПЕН ҚАМТЫЛҒАН. Құрметті, талапкер жастар! Ата-ана, дос бауырларыңыздың қасында болып, терең де тәлімді білім аламын десеңіздер №14 колледжге келіңіздер. Сіздер үшін біздің колледждің есігі әрдайым ашық.

Июнь 21, 2022 19:20 дп

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы №988 қаулысының «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде, демонстрациялық емтихандар туралы WorldSkills стандарттары талаптарына сай, 2022 жылғы 21 маусым күні 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының білім алушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп және демонстрациялық емтихандар тапсыру шарттарына келісімдерін ала отырып, АС-19-3 бітіруші топ білім алушыларынан 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның WorldSkills тәсілі бойынша студенттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық емтихан алынды. Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтихан өткізу алаңдарын техникалық құралдармен жабдықтап, талап етілетін қажетті материалдарын, емтихан құжаттарын алдын-ала дайындау үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Демо-емтихан нәтижесі әр модуль бойынша колледжіміздің әлеуметтік серіктесі ЖШС «First transport company» өкілі Дүкенбаев Азат Абылайұлы және арнайы пән оқытушылары тарапынан қадағаланып, WorldSkills стандарттары негізінде CIS бағдарламасы арқылы бағаланды.

Июнь 21, 2022 10:45 дп

Бүгінгі күні білім алушылардың біліктілігін беру рәсімінің бір нысаны ретінде WorldSkills кәсіби стандарттарын ескере отырып, құзыреттер бойынша демонстрациялық емтихандар қабылдау болып табылады. ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы №988 қаулысының «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде, демонстрациялық емтихандар туралы WorldSkills стандарттары талаптарына сай, 2022 ж.16,18 маусым күндері «1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп және білім алушылардың демонстрациялық емтихандар тапсыру шарттарына келісімдерін ала отырып, СА-19-3, СА-20-3 бітіруші топ білім алушыларының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның WorldSkills тәсілі бойынша студенттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық емтиханы алынды. Емтихан 2 модуль бойынша өтті: «Алтын ғасыр» зергерлік дүкеннің логотипін және сауда маркасын, өнім желісіне арналған қаптаманы жасау. Демонстрациялық емтихан нәтижесі заманауи мультикритериалдық әдісімен WorldSkills талаптарын қолдана отырып, әлеуметтік серіктестіктеріміз ЖШС «Нұрислам сотрапу» және ЖШС «АAN GROUP» мекемелерінің тәуелсіз сарапшылары Ширинов Е.Ж., Алик Н. қатысуымен СІS жүйесі арқылы бағаланды.

Июнь 20, 2022 13:06 дп

2021-2022 оқу жылының жазғы емтихан сессиясы кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын алу және ескерту мақсатында «Таза сессия» акциясы аясында колледж оқытушыларымен ұжымдық жиын ұйымдастырылды. Жиында шәкірттерді емтихан, сынақ тапсыру кезінде бармақ басты, көз қыстыдан сақтап, білімді ұрпақ тәрбиелей отырып, бәсекеге қабілетті ел қалыптастыру үшін аянбай тер төгу мәселесі қозғалды. Жас буынның болашағына тұсау болатын жағымсыз факторлардан аулақ болуды білім алушыларымызға қазірден бастап түсіндіріп, үгіттеу ұстаздарымызға қойылып отырған негізгі талап.

Июнь 10, 2022 11:23 дп

Колледж білім алушыларын Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында ұлттық рәміздеріміздің 30 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен облысымыздың оқушы жастары арасында «Балалар жылы» аясында өткен «Тұлпар мініп, ту алған» атты өнер фестивалінде колледжіміз үздік шығармашылығымен көзге түсіп ІІІ дәрежелі диплом жеңіп алды. Аталмыш өнер додасы жастарымызды ынталандыруға, сахна мәдениетін сақтауға, өнерді жандандыру, жаңа таланттарды ашуға және қолдауға бағытталды. Қатысушылар сахналаған көріністердің жалпы құрамы мен тұтастығы, тақырып төңірегінде өтуі, музыкалық, орындау дағдылары, интонация тазалығы және дыбыс сапасы, сахна мәдениеті, идея ерекшелігі, дизайн мен шығармашылық даралығы критерийлеріне сай бағаланды.

Июнь 8, 2022 15:30 дп

«Talap» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің мемлекеттік тапсырысын орындау шеңберінде колледж педагогтері үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру және демемтихан, BOPPPS» тақырыбында, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, мамандыққа сәйкес ғылым мен практиканың озық жетістіктерін тәжірибеге енгізу негізінде колледжде академиялық дербестікті ескере отырып, білім беру процесін модельдеуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында, колледжішілік ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияны «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында, «Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен біліктілік арттыру курсының екінші кезеңінен өткен арнайы пән оқытушылары Алипов Асылбек, Ускенбаева Асия, Сейдинбеков Шымболат, Пірназар Есбол және үшінші кезеңінен өткен арнайы пән оқытушылары Алипов Батыйхан, Сыдық Ролан, Момбеков Мұратбек, Кожабаев Бауыржан өткізді. Олар өз ойларын ортаға салып, жаңа ақпараттарға шолу жасап, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымдастырушыларға әріптестері шығармашылық табыстар тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Июнь 4, 2022 14:07 дп

Бүгінгі күн – қазақ даласының тарих беттерінде өзіндік орны бар – ерекше күн. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіміздің темірқазығы саналатын Мемлекеттік Рәміздер күні бүкіл қазақ даласында аталып өтілуде. Осыған орай колледжімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Рәміздерміз – елдігіміздің айғағы. Әрбір қазақстандықтың елдік пен еркіндіктің нышандарына деген сүйіспеншілгі – Отанына деген құрметтің белгісі. Халықтың еліне деген ниет пейілін айғақтайтын рәміздеріміздің айбыны асқақтай беретіні сөзсіз. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей мәңгілік биіктерде қалықтасын

Июнь 4, 2022 10:00 дп

4-маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан рәміздерге деген құрмет ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Осыған орай колледжімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын бір мезетте орындау Республикалық шарасы өтті. Көк туымыз әрдайым көкте желбіресін.

Июнь 2, 2022 15:07 дп

Рухани астанамыз Түркістан қаласында Техникалық және кәсіптік білім беру саласының студенттері арасында өткізілетін «WorldSkills-2022» чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының білім беру процессіне оқыту сапасын арттырып, білім алушылардың кәсіби деңгейін көтеру, студенттер мен педагог қызметкерлерін даярлау бойынша практикалық дағдылары мен іскерліктерін пысықтап, білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары мен әдістерін, Қазақстан мен шетел практикасының ерекшеліктерін қолдану мақсатында өткізілетін чемпионатқа Түркістан облысы бойынша көптеген техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының үздіктері қатысуда. Аталған іс-шара барысында студенттердің шығармашылық-инновациялық жобаларының және студенттер жасаған ауыл шаруашылық техникаларының көрмесі ұйымдастырылды. Алдағы үш күнде облыстағы колледждердің командалары өз шеберліктерін көрсетіп, жеңімпаздарды анықтайды. Биылғы чемпионатқа колледжімізден 7 құзыреттілік бойынша 7 студент бақ сынауда. Жас білім алушыларымызға сәттілік тілейміз. Жеңіспен оралуларыңызға тілектеспіз!

Июнь 1, 2022 18:51 дп

Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға, жеке өзіндік және шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында «Балалық шаққа саяхат» атты сурет салу сайысы өтті. Білім алушылар суреттерде сүйікті отбасына, балғын балалық шақтарына байланысты көріністерді суреттеді. Балалық шақтарының қызықты сәттерін қылқаламмен жеткізуге тырысты. Қатысушы жастардың әрқайсысының суреті ерекше болды. Білім алушылар салған суреттерін өздерінің іні-қарындастарына арнап, сыйға тартты. Жалпы алғанда бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында болуы тиіс деп есептейміз.

Июнь 1, 2022 18:27 дп

Сенбіліктің қоғам назарын қоршаған ортамыздың тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Кентіміздің көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Атакент кентінің әкімшілігінің бастауымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Атакенттің көркеюі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған шараға колледжіміздің білім алушы жастары мен оқытушылар құрамы, қызметкерлері колледж аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіліп, ағаштарды әктеп, ауланы шөптерден тазартып, белсенділік танытты.

Май 30, 2022 17:01 дп

Қоғам талабына сай, адамзаттық рухани бай, қалыптасқан, білімді, жаңашыл, құзыретті мамандық иесі болғыңыз келсе, сізді, 80 жылдық тарихы бар №14 колледжге оқуға шақырамыз. Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан, ұлттық рухпен тамыры сусындаған, өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай, кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар дайындау біздің басты мақсатымыз.

Құрметті талапкер!

Сіздің өміріңіздегі маңызды шешім қабылдау – кәсіпті таңдау сәті келді. №14 колледждің білім беру бағдарламалары еңбек нарығында сұранысқа ие. Сізді, ой және білім, шығармашылық әлеміне шақырамыз! Кәсіптік білімнің, игілік пен ізгіліктің киелі ордасы №14 колледж – өңіріміздегі жұмысшы маман даярлайтын оқу орны ретінде қызмет ете отырып, бүгінгі таңда кәсіби білімнің қасиетті қара шаңырағына айналған.

№ 14 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдайды!

Студенттер жатақханамен және мемлекет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, барлық студенттерге ай сайын шәкіртақы (стипендия) және бір реттік жолақы беріледі.

БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Құрметті, талапкер жастар! Ата-ана, дос бауырларыңыздың қасында болып, терең де тәлімді білім аламын десеңіздер №14 колледжге келіңіздер. Сіздер үшін біздің колледждің есігі әрдайым ашық.

Май 25, 2022 11:59 дп

Балаға жан-жақты білім мен тәрбие беру қазіргі заман талабы. Колледж – тоғыз жыл мектепте білім алған оқушыларды оқуға қабылдап, болашаққа жол көрсетуші кәсіптік білім беретін оқу орны. Сондықтан көп жағдайда колледжде білім алушылар мектепте бірге оқыған сыныптас достарымен тығыз қарым-қатынаста болады. Оқу жылының аяқталуына байланысты жас жеткіншектердің бір біріне деген қимастық сезімі туындайды. Осыған орай колледж білім алушыларына мектептегі сыныптас достарымен бірігіп қандай да бір қаражат жинамауға, аудан, облыс аймағында жалға алынған автокөліктермен шерулер мен экскурсиялар ұйымдастырмауға, саяхатқа шығуға қауіпсіздікті сақтап, тәртіпсіздік жасамауға шақыру мақсатында «Тәртіпке бағынған ел – құл болмайды» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқытушылар жасөспірімдерге түнгі уақытта көшеге шықпай, құқықбұзушылық жасамай, саналы түрде тәртіпті сақтау керектігін айтты. Келеңсіздіктермен, құқықбұзушылықпен тек қауіпсіздік шараларын күшейтіп қана күресе аламыз.

Май 20, 2022 18:56 дп

«Talap» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің мемлекеттік тапсырысын орындау шеңберінде колледж педагогтері үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» тақырыбында, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, мамандыққа сәйкес ғылым мен практиканың озық жетістіктерін тәжірибеге енгізу негізінде колледжде академиялық дербестікті ескере отырып, білім беру процесін модельдеуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында, колледжішілік ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияны «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында, «Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен біліктілік арттыру курсынан өткен арнайы пән оқытушылары Сүлейменова Мақпал, Айтқұлов Бақыт, Талғат Нұрхан, Қалибек Еркеғали, Әуесбай Расулберді өткізді. Олар өз ойларын ортаға салып, жаңа ақпараттарға шолу жасап, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымдастырушыларға әріптестері шығармашылық табыстар тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Май 18, 2022 15:56 дп

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі оқу орнынан, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, отбасында ер жетеді. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беріп, отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында білім алушыларымызға отбасы құндылығы жайлы, қоғамдағы әрбір адамның орны жайлы айтылды.

Май 16, 2022 16:20 дп

Колледж жастарын тарихы терең мекендермен таныстырып, рухани байыту мақсатында білім алушыларымыз бен оқытушыларымыз Ер Түріктің бесігі атанған қасиетті Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхатқа барып қайтты. Елдік еншіміз, рухани кенішіміз саналатын киелі Түркістанның тарихымен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, Арыстанбаб бабамыз жатқан киелі топыраққа табан тіреп, аты аңызға айналған Отырар-Фараб қаласын көріп, тарихи өлкелеріміз жайлы кеңінен мағлұмат алды. Оқу-танымдық экскурсия: Отырар ауданындағы «Ескі Отырар қаласының орны»➡️«Арыстанбаб» кесенесі➡️«Керуен Сарай» туристтік нысаны➡️«Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі бойынша жүрді. Жалпы саяхат білім алушыларымыздың көңілінен шығып, ерекше сезіммен оралды, рухани азық алып қайтты. 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған – тарихи Түркістан қаласына болған саяхаттың жастарымызға берері мол деп сенеміз.

Май 13, 2022 14:36 дп

Талай адамның өмірін жалмаған, талай отбасын қайғыға ұшыратқан соғыстың біткеніне биыл 77 жыл толып отыр. Бір адамның ғұмырына тең келер болған сұрапылдан кейін күйреген қалаларды, тоқыраған ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіру оңай болған жоқ. Соғыс кезінде балғын балалық шақта болған кісілердің өзі қазір қартқа айналып, сол кездер сағым тәрізді көз алдында қалып қойды, ал қаншасы келместің кемесіне мініп аттанып та кетті. Енді бір он шақты жылда сол соғыс туралы сыр шертетін адамдар да қалмас, сол кезде бұл соғыс та ертегі тәрізді кинолар мен кітаптардардан ғана көрініс табатын шығар. Еліміз егемендік алғаннан кейін, соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне ерекше қамқорлық жасауда. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулып, білім алушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу мақсатында колледжіміздің кітапханасында «Бейбітшілік жасасын әлемде» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. «Барлығы Отан үшін» деген ұранмен өмір сүріп, бар ғұмырын Отанына арнаған қазыналы қарттарымыздың амандығын тілеп, қамқорлық көрсету әр адамның міндеті деп білеміз.

Май 6, 2022 18:36 дп

Колледжімізде 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған іс-шара өтті. Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген мақал бар. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Май 6, 2022 18:08 дп

Жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтып, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілерді кеңінен тарту, жастарды осы шараға белсене қатысуға шақырып, сонымен қатар жұмыс күші тапшы өңірлерге көшуін ынталандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына көшу бағыттары жөнінде ақпарат беру мақсатында колледжімізде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 60 мекеме 600-ден астам вакансия ұсынды. Жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар жәрмеңкеге шақырылды. Жәрмеңкеге келушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

Май 3, 2022 15:36 дп

Білім алушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында «Бірлігі жарасқан – қазақ елі » атты сахналық көрініс қойылды. Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаттықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық.

Май 1, 2022 12:15 дп

Аудан әкімдігінің Мақтаарал ауданы аумағында санитарлық тазалық жөніндегі іс-шараларды өткізу тапсырмасына байланысты бекітілген аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің қоғамның назарын аймақ көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор екені баршамызға мәлім. Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық. Сенбілік барысында белгіленген аумақ тұрмыстық қалдықтар мен шөптерден тазартылды. Табиғат әсемдігін барынша сезінуге мүмкіндік беретін мұндай сенбіліктер әлі де өз жалғасын таппақ.

Апрель 29, 2022 16:14 дп

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық қоғамдық даму басқармасының 2022 жылғы 21 сәуірдегі №24-09-07/342 хатына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2022 жылға араналған жұмыс жоспарына сәйкес, қоғамдағы қыз баланың рөлін, қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтарымен сабақтастығын түсіндіру мақсатында, 29 сәуір күні «Иманды қыз, аяулы ана» тақырыбында колледж қыздарымен Мақтарал аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Сейдуалиева Сауле Жұпарбекқызының және колледжіміздің Аналар кеңесінің мүшелері: Сапарова Гулсара Төрежанқызы мен Муслимова Жанар аналарымыздың қатысуымен мәнді де, тәлім–тәрбиесі мол, өскелең ұрпаққа үлгі болатын кездесу өткізілді. Кездесу барысында аналарымыз ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, иманды да ибалы қыз тәрбиесі туралы сөз қозғап, ойларымен бөлісті.

Апрель 28, 2022 16:48 дп

«Тәрбие басы – талбесік» деп білген дана халқымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Әсіресе, қызды кішкентай күнінен-ақ әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа баулыған. Әке-шеше бүлдіршін қызының әрбір қадамына сынай қарап, дұрысын айтып, бұрысын түзеп отырған. Қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт-дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табуға көмектесу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу мақсатында «Бүгінгі ару – болашақ жар» тақырыбында қыздар арасында әңгіме сұхбат өтті. Сұхбат барысында қыз бала тәрбиесінің қоғам алдындағы маңыздылығы айтылды. Қыз бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн.

Апрель 28, 2022 16:42 дп

Өңірлерде күн жылынып, туризм маусымы ашылғаны ешкімге жасырын емес. Осыған орай, көктемгі тауға шығу, серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және оқыс оқиғалардың алдын алу жолдары талқыланған колледжішілік мәжіліс өтті. Жиында колледж басшысы Ұлжан Балтабайқызы мамыр айындағы мерекелік демалыс күндері қауіпсіздікті сақтап, абай болу басты міндет екенін жеткізді. Жастардың көктемгі серуендеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң бақылау жолдары талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол жүру кезінде неғұрлым қауіпсіз жол бағытын таңдап, жол жүрер алдында ауа райын алдын ала бағдарлау, тосын жағдайларға дайын болу және төніп келе жатқан қауіпті анықтай білу секілді көптеген жағдайлар ескертілді.

Апрель 27, 2022 19:12 дп

Білім алушылардың бойына адамгершілікті сіңіру, жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу мақсатында «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» қыздар кеңесінің отырысы болып өтті. Іс-шара барысында білім алушыларымыз адам болмысы жайлы поэзиялардан сыр шертіп, ақындарымыздың өлеңдеріндегі адамгершілік, әдептілік құндылықтарына тоқталды. Оқытушыларымыз ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның ең жақсы қасиеттерінің бірі екенін, адам әдемі болу үшін оның сыртқы келбеті емес жан дүниесі адамгершілікке толы болуы керектігін тілге тиек етті. Әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Ұрпақ тәрбиесіне қатты көңіл бөлсек қана, болашағымызға алаңдамауға болатынын жадымыздан шығармағанымыз жөн.

Апрель 27, 2022 19:02 дп

2022 жылдың 24 сәуірінде Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенін және Сарыағаш ауданының 1 елді мекенін су басты. Тосын оқиғаның салдарынан Қарабау ауыл округінде біраз үйді су шайып кеткен. Болған сел зардабын қалыпқа келтіру бойынша жауыннан жиналған суды сорғыту жұмыстарына колледжіміздің оқытушылары және еріктілер клубы көмек қолын созып, ауыл тұрғындары мен төтенше жағдай қызметкерлеріне қолғабыс жасады. «Көп түкірсе – көл» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі мұндай сәтте тек сөзбен қолдау ғана емес, іспен қолдау маңызды. Оқытушыларымыз бен ерікті жастарымыз ауыл тұрғындарына ауласын жиналған қоқыс пен лайдан тазартуға, жиналған суды сорғыту жұмыстарына белсене ат салысты. Осындай қиын сәтте халық ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем ел екенімізді көрсетіп, ұрпағымызға үлгі бола білуіміз керек.

Апрель 25, 2022 12:22 дп

Қазақстан қоғамын шоғырландыру, сондай-ақ тарихи жадыны сақтау және оны болашақ ұрпаққа аманат ретінде беру, жастарды азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеуге жәрдем көрсету мақсатында колледжіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы «Atamnyn Amanaty» (ата-бабалар өсиеті) челленджін қабылдап, №15 колледж білім алушыларына жолдаймыз. Еліміздің батырлары туралы естелікті сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Себебі бұл біз үшін ортақ естелік. Ата-бабаларымыз туған жердің тоқымдай бөлігін де жауға бермеген. Соңғы демі қалғанша шайқасып, баршамызға ұлан-ғайыр атырапты аманат етіп қалдырғанын ұмытпауымыз керек. Осындай челендж жастардың бойында әкелеріміз бен аталарымыздың жеңісі үшін мақтаныш сезімін оятады деп сенеміз.

#atamnyn_amanaty

Апрель 23, 2022 13:49 дп

Патриоттық тәрбиенің жастар болашағы үшін маңызы зор. Білім алушылардың АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіріп, болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу мақсатында колледж маңындағы арнайы алаңшада білім алушылардың 5 күндік оқу-дала жиыны өткен болатын. Онда жас өрендер әскери өнердің қыр-сырына машықтанды. Олар 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренді. Алғаш рет қару қолданып, сарбаз міндетін сезінді. Оқу-дала жиыны жастарға тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындығы, әскери топография жөнінде өткізілді. Бүгін осы оқу-дала жиынының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. 5 күндік барысында көзге түскен белсенді жас сарбаздар марапатталып, салтанатты рәсімде өз өнерлерін көрсетті. Алға, Қазақстан жастары!

Апрель 19, 2022 15:59 дп

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – дейді данышпан халқымыз. Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда. Білім алушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмауға тәрбиелеу, жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру мақсатында «Есірткі – ғасыр дерті» тақырыбында сурет сайысы өтті. Сайыс барысында бірнеше топқа бөлінген білім алушылар плакаттарға нашақорлықтың, есірткінің зардабын көрсететін суреттерді салды. «Адам азса, заман тозады» дегендей есірткіні жаңғырту да, құрдымға құлдырату да өзімізге байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Бірінші байлық – денсаулық екенін жас ұрпақ әрдайым жадында сақтаса дейміз.

Апрель 19, 2022 12:35 дп

Білім алушыларға діни түсінік бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйретіп, олардың діни көзқарасын қалыптастыру мақсатында Атакент кенті Қанайұлы Көбей қажы Акбар ата мешітінің наиб имамы Таймуратов Эльмұратқожа мырзаның қатысуымен «Өзге көзқарас. Дін және әдеп» тақырыбында түсіндірме сағаты өтті. Іс-шара барысында дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер берілді. Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп жатқанын, олардың біз білмейтін түрлерінің көптігі жайлы айтып өтті. Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің шығу себептерін және онымен күресу жолдарын көрсетті. Білім алушылар өздері білгісі келіп жүрген сұрақтарына жауап алып, білімдерін шыңдады. Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері абзал.

Апрель 16, 2022 19:37 дп

Өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп, экологиялық мәдениетті сақтай отырып, колледж аумағына тазалық жұмыстарын жасау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Оқытушылар мен білім алушылар колледж ауласында жаппай тазалық жұмыстарын жүргізді. Барлық ағаштардың түбін әктеп, күтім жасады. Арам шөптерді шауып, колледж аумағы қоқыстан тазартылды. Сенбілік қызметкерлер мен білім алушылар бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайтындығы бұрыннан белгілі.

Апрель 16, 2022 16:33 дп

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен №19 колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Үздік механизатор – 2022» байқауы болып өтті. Оған өңіріміздің барлық аудандарынан келген кәсіптік колледждерде ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығын оқып жүрген студенттер қатысты. Байқау нәтижесінде Алипов Асылбек ағайымыздың жетекшілігімен колледжіміздің білім алушысы Халназаров Фарход 89 ұпай жинап ІІ орынды қанжығамызға байлады.

Апрель 15, 2022 13:20 дп

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өміріне қауіп тудыратын төтенше жағдайларының алдын алу мақсатында Атакент ауданы ТЖБ азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлерімен бірлесіп колледж білім алушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мамандар аудан көлемінде орын алған тұрмыстық өрттер мен көмір қышқыл газынан улану факторларына тоқталып, оқыс оқиғаларды болдырмаудың жолын айтты. Білім алушыларға ашық су көзіндегі қауіпсіздігі, судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан қайғылы оқиғалар орын алатындығы жөнінде түсіндірмелер берді.

Апрель 14, 2022 16:25 дп

Ұлттық рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қайсарлық пен қаһармандығын, егемендігін, бабалардың арман-тілегін, еліміздің жарқын болашағын айшықтайтын құнды белгілері екені сөзсіз. Колледж білім алушыларын Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында ұлттық рәміздеріміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Тұлпар мініп, ту алған» атты өнер фестивалі мәресіне жетті. Аталмыш өнер додасы жастарымызды ынталандыруға, сахна мәдениетін сақтауға, өнерді жандандыру, жаңа таланттарды ашуға және қолдауға бағытталды. Жасөспiрiмдер арасында рухани әлеуетті көтеру және насихаттау, дарынды жастардың шығармашылық өсуіне жағдай жасау, жаңа таланттарды ашуды көздейтін фестиваль жоғары дәрежеде өтті. Қатысушылар сахналаған көріністердің жалпы құрамы мен тұтастығы, тақырып төңірегінде өтуі, музыкалық, орындау дағдылары, интонация тазалығы және дыбыс сапасы, сахна мәдениеті, идея ерекшелігі, дизайн мен шығармашылық даралығы критерийлеріне сай бағаланды. Көк туымыз әрдайым тек көкте желбірей берсін!

Апрель 12, 2022 17:55 дп

Аса көрнекті ғалым, геоглог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы, әрі оның тұңғыш Президенті, 1964 жылдан КСРО Ғылым Академиясының акдемигі болған Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұраларымен білім алушыларды таныстыру мақсатында 12 сәуір – ғылым қызметкерлері күніне орай Қ.И.Сәтбаевтың туған күні тұсында колледжімізде «Қазақтың Қанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жастарымызға Қаныш атамыз жайлы ақпараттар айтылып, бейнежазба көрсетілді. Қаныш Сәтбаевтың бастауымен ашылған кен орындары және түрлі минералды тастар мен табиғи қазбалардың макеттерімен таныстырды. Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог. Оның есімі Иссак Ньютон, Михаил Ломоносовтармен қатар аталады. Ол бар ғұмырын туған ұлтының тірлігін түзеуге сарп етіп, артында сөнбес сәуле, өшпес із қалдырды. Көзі тірісінде аңызға айналған ұлы тұлғаның еңбегін халық ұмытпақ емес!

Апрель 11, 2022 18:07 дп

Қазіргі таңда ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялау – барша жұрт үшін тіршілік қамы. Өзіміз мекен ететін табиғи ортаның әсемдігін сезінуге, тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға мейірімділікпен, жанашырылықпен қамқор болуға, колледж ауласын көгалдандыру арқылы өсімдік әлемін жандандырып, айналамызды гүлдендіру, таза ұстау мақсатында колледж жылы жайында өндірілген көшеттерді отырғызып, колледж аумағын көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Колледж іші мен ауласын көгалдандырып, гүл мәдениетін дамыту арқылы білім алушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйретіп, жауапкершілігін қалыптастыруға болады. Білім беру мекемесінің көгалдандыру жұмыстарына қатысатын үлкендер жас өспірімдерге өзі үлгі болып жол бастай алады. Сенбілік барысында колледж аумағына түрлі декоративті гүлдер отырғызылды. Гүлзар – көгалдандырудың маңызды элементі. Оларды колледж ғимаратының алдына, жол жиектеріне, алаң маңына орналастырды.

Апрель 11, 2022 11:37 дп

Қазіргі әлем өте жылдам және белсенді түрде өзгеріске ұшырап жатыр. Адамдарда, әсіресе, жастардың бойында өзгерістер өте көп орын алуда. Жастардың шешімін таппай жатқан мәселесі бүкіл қоғамның кемшіліктерін көрсетіп берді. Сондықтан осы қиындықтарды шешу бүкіл қоғамның әл-ауқатына әсер ететіндігі рас. Жаңа заманның жастарының жаңа талаптарын елемеу уақыт ағымын ескермегенмен бірдей. Осы орайда жастар арасындағы өзекті мәселелерді жіті қарастыру мақсатында колледжіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен І курс білім алушыларының арасында «Қазіргі жастардың проблемасы неде?» тақырыбында пікірсайыс өтті. Қазақ жастарының арасындағы жұмыссыздық, мәдени және саяси сауатсыздық, білімге деген, ғылымға деген құштарлықтардың жоқтығын жойып, сауатты қазақ жастарын қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.

Апрель 7, 2022 14:41 дп

Салауатты өмір салтын ұстану – саналы қоғамның таңдауы. Колледж білім алушыларына салауатты өмір салтын насихаттау және олардың дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортпен шұғылдануға баулу мақсатында спорттық эстафета жарысы болып өтті. Эстафетаға 3 команда 5 кезең бойынша қатысып, бақ сынады. Жарыс көңілді де қызықты өтті.

Қазылар алқасы 5 тур бойынша балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтауға ден қойды. Командалар аламан жарыста «Қаппен секіру», «Кедергілер арасымен допты алып өту», «Кеглилерді құлату», «Белгіленген орынға апару» сайыстары бойынша сынға түсті. Тартысты өткен спорт додасында «Көк Жалын» тобы жеңіске жетті.

Март 31, 2022 19:53 дп

Имандылық – адамгершіліктің биік мақсаттарының жиынтығы. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі жарқын, иманжүзді, биязы, парасатты болады. Білім алушыларды тілі мен дінін құрметтейтін, санасы терең, көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерін бағалай білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлтжанды, парасатты тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында «Ибалы адам – иманды қоғам» тақырыбында колледж білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында ар-ұят, адамгершілік тақырыбында әңгіме өрбіп, тәрбиелік мәні бар бейнежазбалар көрсетілді. Жас өспірімді имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру – әрбір оқу орнының парызы деп білеміз. Адамгершілік – халқымыздың рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Сондықтан жүрегінде иманы бар адам, айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа жақсылық ойлайды, әркімге мейіріммен, ізетпен, әдеппен қарайды. Иманды қоғам, ибалы адам тіршіліктің тірегіне айналсын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *